Алла Тағаланың адам баласына берген нығметінің есебін бұл дүниеде тұрмысы нашар жандарға қайырымдылық жасаумен өтейді. Себебі, Алла Тағала кімге мол байлық берсе. Оның дүниесінде кедейлердің де ақысы барын ұмытпауы керек. Миғраж кешінің қарсаңында «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Аманбаев Ержанның ұйымдастыруымен жағдайы төмен отбасыларына «Миғраж Пайғамбарымыздың (С.Ғ)» мұғжизасы атты қайырымдылық іс- шарасы өтті. Адамға қуаныш сыйлап, қиыншылығын жеңілдеткен пендеге Алла Тағаладан жеңілдік келеді. Алла Тағала әрбір жақсылыққа сауаптан жазсын.
«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек