Облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің «Миғраж» кешінің құрметіне ораза ұстаған жамағаттарына ауыз ашар дастарханы жайылды. Кешкі астың қонағы РАНТ-ның мүшелері Ахмадиев Серікхан мен Жұмағұл Қанат жамағатпен дастархан басында бірге болды.
Ауыз ашардан кейін кеш қонағы «Әбу Бәкірдің көрегендігі» атты уағыз айтты. Жайылған ауыз ашар дастарханына Өкіл имам Жұмабаев Даниярқари құран оқып, дүниеден өткендерге бағыштады. Көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп отырған қос ғалымның білімі мен біліктілігіне риза болған жамағат ақсақалдары батасын беріп құптан намазына шықты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек.