РАНТ мүшесі, өңіріміздің қонағы Ахмадиев Серікхан Тараз қаласындағы «Шейх Зуннун» мешітінде жамағатпен кездесу өткізді. Кездесуде жастардың өз салтын, дәстүрін құрмет ету жолдары айтылды. Дінсіз, дәстүрсіз халық жоқ. Өз халқының ортасында өмір сүре отырып, оның салт-сана, әдет-ғұрыптарынан тысқары өмір сүретін адам болмайды. Дін мен Дәстүр белгілі бір елді тәртіпке түсіру тетігі ретінде жеке адамға да, қоғамға да ауадай қажет. Сол тәртіпті бұзушыларға ортамызда орын жоқ деді.
Кеш соңында жамағаттың сұрақтарына жауап берілді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек.