Арнайы іс-сапармен келген РАНТ мүшесі Ахмедиев Серікхан және «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы, облыстық жастар ісінің өкілі Аманбаев Ержан келесі сапарын Тараз қаласындағы жазасын өтеушілердің ЖД 158/1 және ЖД 158/7 түзету мекемелерінде жалғастырды. Экстремизмнің алдын алу, теріс пиғылды ағымдардың жетегінен сақтану жолдары уағыздың негізгі тақырыбы болды.
Тағдырдың тәлкегімен өмірде қадамын шалыс басып, Алланың жазғанын қоғамнан оқшауланған орында өткізіп жатқан адамдардың өмірінде де бір күні жақсылық күтіп тұрғанын айтты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек.