Болашақ жастарда

Болашақ жастарда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет басшысы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың   « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай ҚМДБ тарапынан өңірлерге жіберілген РАНТ мүшелері халықпен кездесті. ТАРМУ-дің үлкен мәжіліс залында Университет проректоры Асқар Абдуалінің басшылығымен өткен кездесуге РАНТ мүшесі Ахмадиев Серікхан, Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы, ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық жастар ісі өкілі Аманбаев Ержан қатысып қайтты.

Кездесуде терроризмнің алдын алу, жат ағымдардан сақтану, имандылық жолдарын терең түсінудің жолдары айтылды. РАНТ мүшесі Ахмедиев Серік Алланың кітабы Құран аяттары және Пайғамбарымыздың (С.Ғ) даналық сөздерімен, кешегі өткен бабаларымыздың ұстанған жолы Абу Ханифа  мазһабы екенін ел ертеңінің болшақтары жастарға өзінің терең мағыналы уағыздарымен жеткізді.

Облыс имамы Жұмабаев Данияр білімгерлерге Елордасы Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ Республикалық имамдар форумы өткенін жеткізді. Білім атаулының  шамшырағы Ислам дінінің бүгінгі күндегі жаршысы болған имамдардың келешектегі жұмыстарына серпін беретін «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасымен қатар «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі –  Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты құжаттары қабылданғанын айтты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: