ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен төрт жұмыс бағытының бірі болған уағыз-насихат жұмыстары бойынша Қордай ауданының дін қызметкерлері белсенді түрде жұмыс атқаруда. Аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Асқар Зәкіржанұлы ауыл жамағатымен кездесіп, жиналған жұртшылыққа «Тәубенің маңыздылығы» жайлы түсіндірме уағыз жүргізді. Сондай-ақ, халықтың діни сауатын арттыру, ел арасында жат ағымдардың таралуының алдын алып, ақпараттандыру, отансүйгіштікті, төзімділік пен байсалдылықты насихаттады.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі






14 Наурыз 2026
25 Рамадан 1447

