Дәрігерлер мен кездесу

Дәрігерлер мен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауданы   «Сұлтан» орталық мешіті және ауылдық мешіттердің имам-молдалары халқымызды имандылыққа шақырып, асыл дініміздің артықшылықтары мен қасиеттерін түсіндіруге әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді.  Жат ағымдардан халықты сақтандыру мақсатында ауданымыздың бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп  аудандық   аурухананың дәрігерлерімен кездесу өткізді.

Басқосуда Аудан  имамы тәрбиелік маңызы зор уағыз-насихат айтып, «Жат ағымдарға қарсы тұру, өскелең ұрпақтың санасын сақтандыру бүгінгі таңдағы басты міндет. Біз ұлттық құндылықтар мен исламдағы имани құндылықтарды жете насихаттау арқылы кері ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыра аламыз»-деп, атап өтті. Дәрігерлер арасындағы толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді. Осылайша медицина саласының мамандары көкейлерінде жүрген Ислам дінінің құндылықтарына қатысты сауалдарын қойып, оларға имам тарапынан қанағаттанарлық жауап алды.

Әбілда Мейірханов әскери зейнеткер.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: