Тазалық діннің жартысы

Тазалық діннің жартысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға шүкір, тағы да көктемге аман-есен жеттік. Асыл дініміз Исламда тазалыққа ерекше мән берілгендігі баршамызға мәлім. Тазалық діннің жартысы дегендей, жыл сайынғы дәстүріміз бойынша аудандық Төле би мешітінің ұйытқы болуымен аудандық мешітте және ауданға қарасты ауылдық мешіттерде сенбіліктер өткізілуде.

Ежелден үлкенді сыйлап кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз. ҚМДБ-ның жыл сайынғы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында пәни дүниеден бақи дүниеге өткен ата-бабаларымызды еске алып, жексенбі күні зират басында Шу ауданы бойынша сенбілік өткізілді.

Пайғамбарымыз (с.а.у) айтқан хадисінде «Қабірге зиярат етудің екі пайдасы бар. Біреуі өткен адамға жеңілдік болады десе, екіншісі біздерге өлімді еске салады» деген екен.

Аталған шараға, ақсақалдардан бастап мектеп оқушылары, мешіт жамағаты және ауыл адамдары белсенді түрде қатысты. Бір атаның баласындай, зират алаңын қураған шөптен, құрылыс қалдықтарынан, түрлі қоқыстардан тазартты.

Шара соңында имам-молдалар дүниеден өткен барша ата-әжелерімізге Құран оқып, дұға жасады.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: