Дініміздің басты талабы тазалық. Алла елшісінің «Ислам діні таза дін. Сендер де таза болыңдар. Жәннатқа таза болғандар ғана кіреді»-деген, қанатты сөзін басшылыққа ала отырып Шу қалалық «Жәми» мешітінде көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп, мешіт ауласына екі жүз түп раушан гүлдері егіліп, жеміс ағаштары отырғызылды.
Сондай-ақ қаладағы «Әбу Бәкір Сыддық» және «Айтқұл баба» мешіттерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалықты ту еткен азаматтар берекенің тазалыққа келетінін біледі. Тұрған жерінің тазалығына қарап адамын танисың деген. Туған қалаң немесе ауылың таза десе көңіліміз марқайып қалады. Берекенің келетін жолын білген халқымыз, жастарға үлгі болсын, өзімізге сауап болсын деп мешіт ауласын тазалауға кірісіп кеткен жамағат жастарға да үлгі болып отыр.