Өкіл имам ауданда болды

Өкіл имам ауданда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының өкіл имамы Данияр қажы Алимухаммедұлы өзінің кезекті сапарын Меркі ауданының халқымен кездесіп, қазіргі таңда болып жатқан діни ахуалды халыққа түсіндіріп, ауыл мешіттерінің тыныс- тіршілігімен танысып қайтуды жоспарлап жұма күні  іс-сапармен аудандық мешітке ат басын тіреді. Ауданның бас имамы Қасымалиев Батырбек қажы қадірлі қонақты күтіп алып, ауданымыздың діни ақуалы, халықтың тыныс тіршілігі, жалпы ауданда жағдай жақсы екенін жеткізді.

Өз кезегінде Данияр қажы Қырғыз жерімен шекараны бөлісіп жатқан ауданның діни ахуалы да еліміздің тыныштығын сақтап тұруда үлкен рөл атқарады.  Дін мәселесі төңірегіндегі талап-сұраныс заман талабы деп түсіністікпен қарап, міндеттелген тапсырманы орындауымыз керек екенін айтып өтті.

Данияр қажы іс-сапарын одан ары жалғастырып, Меркі ауылындағы «Қарабала төре» мешітінде болып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, жұма намазына жиналған жамағатпен сұхбаттасып халықтың ынтымақ-бірлігі, тазалық мәселесі жайында уағыз айтып, жиналған қауымды жұма күнімен құттықтап, мінбарға көтеріліп жұма жұма намазын өткізді.

Разы болған көпшілік, Данияр қажыға батасын беріп, көңілдерінде дінге деген бір серпіліс болғанын аңғартты.

 

Аудандық «Меркі ата» мешіті баспасөз хатшысы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: