Әскерилермен имани жүздесу өтті

Әскерилермен имани жүздесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел қорғаған әскердің иманды, рухы асқақ, мұраттары биік болуы – ел қауіпсіздігінің кепілі. Қаншама аузында кәлимасы мен бір Алладан дұғасы болған ер-жүрек батырларымыздың елдігімізді қорғап қалғаны тарихтан белгілі. Әскер сарбаздарының рухани қажеттіліктерін өтеу мақсатында, арнайы №40 Отар әскери базасының шақыртуымен әскери қалашыққа аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы ат басын тіреді. 

Наиб имам сарбаздармен, офицерлермен және келісім-шарт қызметкерлерімен имани сұхбат өткізді. Д.Жандосұлы елімізде тиым салынған және аса қауіпті ағымдар жайлы мол ақпарат берді.

Сұхбат барысында әлем бойынша кең етек алып бара жатқан суицид дерті жайлы әңгіме қозғалып, аталмыш қайғылы іс, әскер арасында да таралып жатқандығы сөз болды. Сондай-ақ, ол туралы шариғи көзқарас жеткізілді.

Адам баласына Жаратушы тиым салынған ішімдік, есірткі сынды зиянды заттарды қолдану өкінішті оқиғаларға әкеліп жатқанын жеткізген Д.Жандосұлы, әңгімесін Құран мен сүннет үкімдерімен өрбітті. Ағымдардан сақ болды, дәстүрлі ислам құндылықтарын наиб имам жиналған қауымға тереңінен түсіндіре білді. Әскер қатарындағы азаматтар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: