130 жылдық тарихы бар көненің көзі болған тарихи «Нәметбай» мешітінің ауласында заманауи үлгідегі мешіт құрылысы басталды. Жаңа ғимарат осы мешіттің бір бөлігі ретінде қатар бой көтеруде.
Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев мешіттің бірінші кірпішін қалап, мешіт қызметкерлерін осы бір айтулы қуанышпен құттықтады.
Аталған ғибадатхананың құрылысына осы мешіттің бас имамы Әбдірахман Абдиканбетов өз қаражатын жұмсап жатқанын айта кетейік.
Өкіл имам дін маманына табыс тілеп, ата дініміздің өркендеп, дамуын тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» баспасөз қызметі.