Аудан мешітінде сенбілік өтті

Аудан мешітінде сенбілік өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Ерікті, еріксіз құлшылықтардың барлығы тазалықтан басталады. Күнделікті тұтынатын тағамы мен киімі, жұмыс орны, жүрген айналасы т.б. қажеттіліктері таза болмаса, адам жаны мазасызданады. Ал исламдағы парыз амалдарды тазалықсыз атқару мүлде мүмкін емес.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр Жұмабаев қаридың тікелей тапсырмасымен, аудан, ауыл мешіттерінде сәуір айынан бастап сенбілік шаралары жүргізілуде. Кезекті сенбілік жуырда бас имам Сұлтаншәріп қажының бастамасымен аудандық «Сұлтан» мешітінде ұйымдастырылды.

Сенбілікке аудандық орталық мешіттің имамдары мен мешіт жамағаты бір үйдің балаларындай атсалысып, мешіт ауласын, айналасын тап-таза етіп жинастырды. Сенбілік өткізу жайлы әңгімені қазіргі қоғамда жаппай сөз етіп және оны әр қырынан көрсетіп отырса, ұсақ-түйек сияқты көрінетін нәрседен үлкен істердің бастау алатынын аңғарар едік.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: