«Кеңесхан қажы» мешітінде «Ақ жаулықты әжелер» мектебінің алғашқы отырысы өтті.

«Кеңесхан қажы» мешітінде «Ақ жаулықты әжелер» мектебінің алғашқы отырысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы рухани құлшылық, діни сауат ашумен қатар уағыз тыңдауға келіп жүрген ақ жаулықты әжелерімізге өз алғысын білдіріп, қазақ отбасындағы әжелердің орны ерекше әрі қадірлі екенін, әжелер барлық тәрбиенің, барлық құндылықтың бастауында тұратынын жеткізді. Қарттар осы мешітте әжелер мектебін құрған «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова мен демеу болған ұстаз Жібек Қолағұлованың еңбегіне шын жүректен алғысын айтты.

Осылайша, әжелер өнегесі – ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі болғандығын тілге тиек етті.

Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы болып, ағайын-туыстың ауызбірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Ұстаздардың мектеп құрудағы мақсаты – дін мен дәстүрді сәйкестендіріп, қазақ келіндеріне бағыт-бағдар беру.

Әжелер мектебінде Жайна ұстаз «Жаназа мен мәйітті кебіндеу» тақырыбына насихат жүргізіп, әдісін көрсетіп түсіндірді. Жиын тасбих намазын жамағатпен оқумен аяқталды.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: