АТТ мүшелері Қордайлықтармен жүздесті

АТТ мүшелері Қордайлықтармен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін саласындағы облыстық АТТ мүшелері Қордай аудандық «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі, Халыққа қызмет көрсету орталығы,  «Қордай батыр «мешіті, «Нұр сәт» сауда орталығы, Қордай ауылы ІІБ, Қордай әкімдігінде кездесулер өткізді.

Аталған жиындарға еңбек ұжымы, аудан тұрғындары, студенттер, мемлекет қызметкерлері, Құқық қоғау органдарының, сауда үйінің қызметкерлері және мешіт жамағат қатысты.

Ауданға АТТ құрамынан ҚМДБ-ның Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Ақбай, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Бағлан Қырғызбай келді.

Ақпараттық насихат 2 күнге созылды. Іс-шара барысында мамандар жат ағымдардың зияны, сол жолды ұстанушылардың белгілері және одан сақтану жолдары, діни сауаттылық, дәстүрлі ата дін мәселетін сөз етті.

Көпшілік түрлі сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: