Зағиптар кітапханасында имани кездесу өтті.

Зағиптар кітапханасында имани кездесу өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Діни экстремизм – ақиқат діннің жауы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге мекеме басшысы Айгүл Оразқұлова, ҚМДБ Жамбыл облысы, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл және Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушы-инспекторы Аян Алпысбайұлы, сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері, Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері және ерікті жастар қатысты.

Діни экстремизмнің қатері мен зияны сейілмей тұрған осы күндері бұл кездесудің маңыздылығын жеткізген кітапхана әдіскері Гүлнұр Қырғызбай алғашқы сөзді мешіт имамына ұсынды.

Қанат Әділханұлы жиынды ұйымдастырған мекеме ұжымына алғысын айтып, өз сөзінде діни экстремизмге төтеп берудегі діни сауаттылықтың маңызын атап өтті. Еліміздің дәстүрлі діни бағыты – ханафи мазһабының тарихымен бөліскен имам мазһабтан ауытқыған діни экстремизмнің радикализмге, ал радикализмнің терроризмге жол ашатындығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздегі рухани тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республика деңгейінде жасап жатқан жұмыстарына тоқталды.

            Дінтанушы Аян Алпысбайұлы дін атын жамылған діни экстремизнің тарихына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының ҚМДБ-ның жергілікті өкілдігімен бірлесе отырып, діни экстремизмнің алдын алуда көп міндеттердің атқарылғандығын жеткізді.

Кездесу барысында кітапханада «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты діни кітаптардан тұратын кітап көрмесі жасалып, сөреге кітапхананың I топ мүгедегі тифло-редактор Бегимов Ербол Аққайұлының «Л.Брайль» тілінде көзі көрмейтін зағип оқырмандарға арнап шығарған «Халықтың терроризмге қарсы бастапқы дайындығы», «Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама», «Сен және мен», т.б. кітаптарымен таныстырылды.

Жиын соңында Дін мамандары тыңдармандарды толғандырып жүрген сұрақтарға тұшымды жауап берді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: