Кейінгі кездері елімізде орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар қоғам тарапынан дін туралы дұрыс та бұрыс пікірлер тудыруда. Дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, халықтың діни сауатын ашу – маңызды іс.
Бүгінде бұл бағыттағы жұмыс шараларының аясы кеңейіп, түрлі аудиторияларда Қордай ауданының дін қызметкерлері АТТ жұмыс барысында теріс ағымдар жайлы уағыз жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы мен ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Бірімқұлов «Қордай аудандық ветеринария қызметі» ұйымының қызметкерлеріне ислам жайлы түсінік, терроризм мен экстремизмнің және деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында дәріс өткізіп қайтты.
Мекеме қызметкерлері қатысқан басқосуда Дәуренбек Жандосұлы аталмыш тақырыптарды кеңінен тарқатып, түрлі сұрақтарға жауап қайтарды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі