№2 қалалық ауруханасының қызметкерлері дін мамандарымен кездесті. Жиынға ҚМДБ-ның Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Ақбай, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Бағлан Қырғызбай қатысты.
Мамандар қоғамды жайлаған соқыр сенім мен жат ағым тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Наиб имам дәстүрлі дін жайлы сөз сөйлеп, ағымдардың белгілері, олардан сақтану жолдары туралы тілге тиек етті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.