Ел ертеңі бүгіннен басталады

Ел ертеңі бүгіннен басталады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Баланы жастан» емес, бесіктен, тіпті, ана құрсағынан бастап тәрбиелеуді атам қазақ ерте ұғынған. Сондықтан да «Ел болашағы – бүгінгі ұрпақ» деп ұрандатып келеміз. Мектеп қабырғасы - тәрбиенің іргесін қалаушы сарай. Осы білім ордасының оқушылармен тілдесіп, дін мамандары имани кездесу жүргізіп қайтты.

Жиынға ҚМДБ-ның Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Ақбай, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Бағлан Қырғызбай қатысты.

Кездесуде жеткіншектерге бала тәрбиесі, мінез-құлық, ата-ананы сыйлау, білім алу, тәртіп сынды тақырыптарда насихат айтылды.

Сондай-ақ, ата дінімізбен, ана сүтімен келген ұлттық тәрбиенің өзегі, бүгінгі күйі сөз болды. Жастар өзекжарды сауалдарына дәйекті де мардымды жауаптар алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: