Төтенше жағдайлар бөлімі дін маманымен сұхбаттасты

Төтенше жағдайлар бөлімі дін маманымен сұхбаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №11-ші өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қызметкерлерімен бірлесе бас имам Батырбек қажы Қасымалиев «Діни қызмет, діни бірлестіктер және экстремизм» туралы жиын өткізді.

Жиналысты ашқан Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Р.Құрбанов кейінгі кезде Қазақстан Республикасында әлеуметтік шиеленістіктің өсуіне себепкер болатын діни экстремистік әрекеттерге азаматтарды еліктіру жағдайы жиіленіп кеткеніне тоқталып, осындай әрекеттердің алдын алу және қалай сақтану керектігі жайлы айтып түсіндіруді сұранып, сөз кезегін бас имам Батырбек қажыға берді.

«Көп жағдайда, бауырларымыз діни сауатының аздығынан теріс пиғылды ағымдарға еліктеп солардың қатарында болып жатады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 4 бағытты тапсырмасының бірі – осы теріс пиғылды ағымдармен жұмыс жүргізу мәселесі. «Қандайда бір діни мәселе жайлы білгіңіз келсе, көшедегілерден емес, заңды тіркелген ҚМДБ-ның атындағы мешіттердегі имам-молдаларға жүгінгеніміз жөн. ҚМДБ-ның сайтынан және ҚМДБ-ның сараптамасынан өткен діни кітаптар, «Ислам және Өркениеті» газеті, «Иман» журналынан толыққанды мәлімет ала аласыздар. Ата-бабаларымыз құрметтеген Ислам дінімізге құрметпен қарайық, - дейді бас имам.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: