Қала имамдары өз жұмыстарын пысықтады

Қала имамдары өз жұмыстарын пысықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қала имамдарына жиналыс өткізді. Бас имам ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр Жұмабаевтың бірқатар тапсырмаларын дін мамандарына жеткізді.

 Өкіл имамның тапсырмасы бойынша «Һибатулла Тарази» медресесінің аяқтаушы курсында оқитын шәкірттер іс-тәжірибеден өтулері үшін қала мешіттеріне жіберілді. Тәжірибеден өтушілер белгіленген мешіттерде бір ай бойы намаз өткізу, уағыз айту, дәріс беру, неке қию, жаназа намазын оқу және т.б. діни рәсімдерді атқаратын болады. Бұл келешек имамдардың білікті маман болып шығуларына оң әсерін берері сөзсіз.

Данияр қажы бекіткен облыс бойынша атқарылатын жылдық жоспарға сәйкес, Қанат Әділханұлы қала мешіттерінің жанынан ашылған сауат ашу курстарының шәкірттері арасында қалалық "Құран жарысын" ұйымдастыруды қолға алуға тапсырма берді. «Сайыс жаз айларында өтеді деп жоспарлануда. Жарысқа қаланың әр мешітінен кемінде бір үміткер шығуы керек. Ол үшін қазірден бастап дайындық жасайық», - деді имам өз сөзінде.

Сондай-ақ, жиналыста қала имамдары күнделікті атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесімен бөлісіп, алдағы жұмыс жоспарларын талқылады. «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Расылхан Сыбанбай қалалық мешітте жүргізіліп жатқан дәрістер жайлы сөз сөйлесе, «Абдіқадір» мешітінің имамы Айнабек Ахметов дін саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Діни сипаттағы экстремистік іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында мешітте өтіп жатқан дәрістері мен жат ағымға қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндады.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: