Сарысулық Құран сайысының жеңімпаздары марапатталды

Сарысулық Құран сайысының жеңімпаздары марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Киелі Сарысу ауданының төрінде Құран оқушылар арасында жарыс өткізілді. Алланың сөзі Құран Кәрімді оқу да , жаттау да құлшылық болып табылатынын ескерсек, осы Құран оқушылар арасында сайыстар ұйымдастырудың да маңыздылығы айқындалады. Алла Тағала да Құранның  ең бірінші аятында «Оқы!» деп бастап, білім алуды парыз еткен екен. Олай болса, білімді ұрпақ – ел ертеңі емес пе? Бүгін қандай жастарды дайындап шығарсақ, ертең еліміздің болашағы да соған байланысты болмақ.

     Жарысқа жасы кіші жеткіншектермен бірге орта жасқа келген үлкен кісілер де қатысып, сайыс көрігін қыздырды. Іс-шараның соңында Құранды тәжуид ережесін сақтай отырып жақсы оқыған үш қатысушыға 1-ші, 2-ші, 3-ші орын беріліп бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал  жарысқа қатысқан 42 үміткерге түгел ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

     Соңынан мешіт ауласында ақ дастархан жайылып, бүкіл қатысушылар мен тамашалауға келген қонақтарға наурыз көже берілді. Жалпы саны 350-ге тарта адамға ас берілді. Тұрғындар осындай шараның ұйымдастырылуына дән риза болып тарқасты. Айтулы оқиғаның орындалуына себепкер болған Дүйсенғали бауырымызға Алла разы болсын деп дұға етілді.

Жаңатас қаласы,

Сарысу аудандық мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: