Мектеп оқушылары Құран сайысында бақ сынады

Мектеп оқушылары Құран сайысында бақ сынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне орай арналған Құран сайысы өтті. Жарысқа ауданға қарасты мешіттердің сауат ашу курсында оқып жатқан мектеп жасындағы жиырма сегіз шәкірт қатысты.

Құран сайысы жиырама және отыз сүре аралығында екі топқа бөлінді. Бірінші топ бойынша сайыста І орынды «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің шәкірті Абдінұр Шадияров жеңіп алды. Ал ІІ орынды «Жуалы» мешітінің шәкірті иеленсе, ІІІ орынды «Нұрлыкент» мешітінің шәкірті Омар Режепбай алды.

Екінші топ бойынша І орынды  «Көлбастау» мешітінің шәкірті Мұстафа Иманалиев қанжығасына байласа, ІІ орын «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің шәкіртіне бұйырды. ІІІ орынды «Толымбайтегі Зиябек» мешітінің шәкірті қанағат тұтты.

Құран сайысына қатысқан шәкірттерге аудандағы «Мәриям» халал асқанасында түстік берілді.

Жүлдеге ие болған шәкірттерге алғыс хатпен қаржылай сыйлықты «Толымбайтегі Зиябек»  мешітінің бас имамы Еркебұлан Нарымбетов, «Жуалы» мешітінің имамы Сейтқазы қажы Медетбеков, наиб имам Бекберген Есбосынов және мешіттің демеушісі, кәсіпкер ағамыз Мұхит Азизов табыс етті.

«Толымбайтегі Зиябек» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: