Шу аудандық «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен «әз-Наурыз» мерекесіне орай, ауданымыздағы жағдайы төмен отбасыларға азық-түліктей қайырымдылық жасалды.
Аталған іс-шара барысында ауданның найб имамы Талғат Кәрібайұлы жиналған жағдайы төмен мұқтаж жандарды Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, қиыншылықта сабырлық таныту турасында әсерлі уағыз-насихат айтты.
Шара соңында қатысушылар осындай игі іске дән риза болып, мешіт қызметкерлерінің атқарып жатқан істеріне сәттілік тілеп, ақсақалдарымыз өз баталарын берді.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі











20 Қаңтар 2026
1 Шаабан 1447

