Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы қаладағы «Айтқұл баба» және «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Бас имам қала имамдарына бірнеше тасырмалар жүктеді. Көктемнің келуіне байланысты мешіт айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ішкі тазалығын сақтап, ауласына әртүрлі ағаштар және гүлдер отырғызып, көгалдандыру, әктау және сырлау жұмыстарын қолға алуды тапсырды.
ҚМДБ-ның жанындағы имамдардың білімін жетілдіру мақсатында Ислам институтында жаңадан білімін жетілдіріп келген «Айтқұл баба» мешітінің имамы Шаттық Қамаубаевты жаңа серпінмен жұмыс істеп, жамағатпен тығыз байланыста болуға шақырды.
Алдағы жаңа оқу жылына облыстық «Һибатулла Тарази» медресесіне шәкірттер дайындап, қаладағы халықтың діни сауаттылығын арттыруға аса жауапкершілікпен қарау керектігін айтты.
Бас имам мешітті құжаттандыруға қаржылай ат салысқан азаматтарға соның ішінде «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің молдасы Мұхит Көкрекбаевқа мешіт істеріне етене араласып, мешіттің құжаттарын реттеуде, бейне бақылау орнатуда, жамағатты жоғары деңгейде ұйымдастырып атсалысқаны үшін ерекше алғысын жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі