Меркі ауданында алғашқы болып Наурыз мерекесін атап өткен «Психологиялық-педагогикалық кемтар балаларды түзету» мекемесі аудандық «Меркі ата» қызметкерлерін іс-шараға арнайы шақырып, думанды шырша отырғызудан бастады. Бас имам қызметкерлерімен мерекелік іс-шараға қатысып, Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ дастархан басында елімізге батасын беріп, наурыз көжеден дәм татып қайтты.
Халқымыздың салт-дәстүріне айналған наурыз мерекесін атап өтуде аудан мешіттері де кенже қалған жоқ. Елді-мекендегі имам-молдалар көпшілік халықпен бірлесе Наурыз мерекесін атап өтіп, дұға, бата жасады.
Аудандық «Меркі ата» мешітінде салт-дәстүрімізді дінімізбен байланыстырып, қайырымдылық шараларымен қоса ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды.
Мешіт асханасында мешіт жамағаты және тұрмысы төмен отбасының мүшелеріне арнайы мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже берілді.
Аудандық «Меркі ата» мешіті



















20 Қаңтар 2026
1 Шаабан 1447

