Әйелдер жамағаты киелі ақ дастарханда бас қосты. Ал жиынның басты мақсаты – Алланы еске алып, ел үшін дұға жасау.
Отырыста нәзік жандылар Алланың қалауымен кіші қажылыққа (ұмра) барып қайтқан «Һибатулла Тарази» мешіті қыздар сауат ашу курсының шәкірті, ақ жаулықты әжеге «қабыл болсын» айтып, қасиетті Меккеден естеліктерін тыңдасты. Ондағы алғашқы сезім, құбыла болған Қағба, аз ғана күнде өткен ұмытылмас күндер сөз болды.
ҚМДБ Қыздар, әйелдер секторының Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова қажылық, оның маңызы, зәмзәм суының шығу тарихы, Қағбаның қалануы жайлы әсерлі уағыз жүргізді.
Әрбір мұсылманның арманы болған Қағбаға деген махаббат бұл насихаттан соң арта түскендей.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі