«Салаф» сөзі қайдан шықты?

«Салаф» сөзі қайдан шықты?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде ақшам намазынан кейін уағыз өтті. Аталған насихатты «Нұр Мүбарак» университеті жанынан ашылған «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында мамандарды қайта даярлау» институтын тәмәмдаған осы мешіттің наиб имамы Бахтияр Амиреев жүргізді.

Жиында жат ағым мәселесі, «Салаф» сөзінің шығу тарихы, қазіргі жат ағымдардың ұстанымы жайы сөз болды.

Қоғамда етек жайған ағымдар мен дәстүрлі дініміздің ара-жігін дәлелдеген уағыз жамағаттың көкірек көзін ашқан-ды.

Жиналған жұртшылық күмәнді мәселелерге байланысты сауалдарын қойып, нақты жауаптар ала алды. Осындай насихаттардың септігімен ел арасында ата дінімізді дұрыс танудың ілгерлеп келе жатқаны қуантарлық жайт.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: