Жамбыл облыстық мәслихаты ҚМДБ Қыздар, әйелдер секторының Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенованы көп жылғы жемісті еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.
Аталған алғысты Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақов табыстады.
Әйелдер жамағатының бірлігін арттырып, қоғамның діни сауатын ашуда айрықша үлес қосқан ардақты ұстазды мешіт қызметкерлері атынан құттықтаймыз. Қызметте жеміс, озбырлық, табыс тілейміз!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі