ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев Сарысу ауданында болып қайтты.
Байқадам ауылдық "Майлыбай ата" мешітінде жамағатқа әсерлі уағыз-насихат жүргізіп, жұма намазын өткізді. Мешіттің хал-ахуалымен, жамағатымен танысып, «Құлшылыққа құлшындырар 3 ай» тақырыбын сөз етті.
Өкіл имам ережеп, шағбан, рамазан айларының қадір-қасиеті, осы айларда жасалатын сауапты амалдар мен нәпіл құлшылықтардың хикметін жеткізді. Жұртшылық көкейкесті сауалдарына дәйекті жауап алып, осы айлардың маңызы жайлы мол мағұлмат алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.





20 Қаңтар 2026
1 Шаабан 1447

