Тұрғындардың тұрмыс-тіршілін жақсарту, діни жағдайын бақылау мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев пен Облыс әкімі Кәрім Көкіребаев іс-сапармен Талас ауданында болып қайтты. Аудан әкімі Болат Қанатбайұлы мен аудан имамы Нұрсұлтан Алиев облыстан келген делегациямен бірге бірнеше мешіттерді аралады.
Сапар барысында халық қамы үшін білек сыбанған ел ағалары Ақтөбе ауылдық «Иман» мешіті, Ақкөл ауылдық «Ақкөл», «Қызыл әуіт» аулыдық «Жаңабай сопы» мешіттерінің хал-ахуалымен танысты.
Мамандар аталған ауылдардың жамағаты, мешіттің ішкі-сыртқы көрінісі мен әлеуеті жайлы мол мағұлмат алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.