Наурыз мерекесінде бата беру және азан айту сайысы өтті

Наурыз мерекесінде бата беру және азан айту сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Талас  ауданы  Майтөбе ауылында наурыз мерекесіне және осы ауылдың тумасы Сандыбайқызы Райханды еске алуға арналған ауданаралық түрлі сайыстар өтті. Атап айтсақ, «бата беру және азан айту», «арқан тартыс», «гір тасын көтеру», «асық ойнау», «қол күрес».

Алғашқы бөлімде батагөй қариялар түрлі тақырыпта: Наурыз мерекесіне, дастархан-дәм батасы, жас отауға берілетін бата, жол-сапар батасы тағы сол сияқты баталарды жатқа айтудан сынға түсті. Сәйкесінше, сайыстың бұл түрі киім үлгісі, жатқа және мәнерлеп оқуы мен батаның тәрбиелік мәніне қарай бағаланды. Ал, азан айту  жарысына талабы таудай жас жеткіншектер қатысып, бақтарын сынады.

 Бата беру  сайысынан 1 орын  Майтөбе ауылы Ошақбай Әлімқұловке, ал 2 орын Бостанды ауылынан келген Әділхан Тойшыманов қарияға бұйырды. Сондай-ақ, 3 орынды Қаратау қаласынан келген Майыр Тұрсынбек қария алды.

Азан шақыру жарысынан І орынды Көшек батыр ауылынан келген  Нұрболат Әбікенов, ал ІІ орын Майтөбе  ауылына  бұйырды. Сондай-ақ, ІІІ орынды Қаратау қаласынан келген шәкірт Қанат  Таубек алды. 

Жүлде алғандарға және қатысқан қарияларға ақшалай сыйлықтар берілді. ҚМДБ–ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаевтың атынан сертификатар тапсырылды.

Шара соңында  Талас ауданның бас имамы Нұрсұлтан Алиев сөз сөйлеп, осы іс-шараға демеушілк жасаған кісілерге алығыс айтып, барлық қатысушыларға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: