Наиб имам "Саналы Talks" интеллектуалды кешіне қатысты

Наиб имам "Саналы Talks" интеллектуалды кешіне қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қабырғасында құрылған "Еркін Ойлар Алаңы" ИПК-ның ұйымдастыруымен "Қазақстанның үшінші жаңғыруы, Бүгінгі күн – ертеңгі тарих" атты "TarSU CUP" V дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирінің аясында "Саналы Talks" интеллектуалды кеші өтті.

Аталған кешке өз идеясымен бөлісіп, ұтымды ойларын жеткізу үшін арнайы 4 спикер шақыртылды.

Студенттер ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша жастар ісі жөніндегі өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Маханұлы, "SANA" оқыту орталығының коучері Данияр Өмірбеков, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ - дың 4 курс студенті Ақерке Алтайқызы, .М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 4 курс студенті Ерсұлтан Нұрмаханның ойын тыңдап, жаңа идеясын құрастырды.

Жаңа пайда болған формат негізінде жүргізілген интеллектуалды кеште дін маманы тілге тиек еткен сүбелі сөз көпшілікті терең ойландырып, рухани жігерлілікке жетеледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: