Наурыз мерекесінде Құран сайысы өтті

Наурыз мерекесінде Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне арналған түрлі сайыстар өтті. Атап айтсақ, мешітте оқып жатқан шәкіттердің арасында құран жарысы өтті.

«Бәйдібек», «Қаракемер», «Ботабай», «Айша бибі», «Бектөбе», «Нұртай ата» мешіттерінің арасында ұлттық ойындардан командалық дода ұйымдастырылды.

Арқан тартыс, гір тасын көтеру, асық ойнау, қол күрес, футбол бойынша өткен командалық жарыста 1 орын – «Қаракемер» мешіті, 2 орын – «Бәйдібек» мешіті, 3 орынды «Ботабай» мешіті қанжығасына байлады.

 Құран жарыстан бірінші орынды «Бәйдібек» мешітінің шәкірті Арынғазы Дарын, ал екінші орын «Қаркемер» мешітінің шәкірті Нұртілеу Сүйінбекұлына бұйырды. Сондай-ақ, үшінші орынды «Ботабай» мешітінің шәкірті Нұрхат Махметәлі алды. Құран сайысына 30 шәкірт қатысты және  шәкірттерге сыйлықтар берілді.

Алмат БЕРІКБАЙҰЛЫ

«Бәйдібек» мешітінің найб имамы 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: