«Молда Мұхаммеджан» мешітінің жамағаты жаңа имаммен танысты

«Молда Мұхаммеджан» мешітінің жамағаты жаңа имаммен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имамдық – жауапкершілігі мол қызмет. «Молда бол!» деп баласына ізгі тілегін білдіріп отыратын қазақ қоғамында халықты иман жолымен жүруге шақыратын дін мамандарының орны қашанда ерекше.

Заман талабына сай, имамдардың біліктілігін арттырып, жұмыс сапасын жақсарту басты мәселелердің бірі. Осыған орай, «Молда Мұхаммеджан» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды.

Облыстық «ҺибатуллаТарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек сайланған имам Акбар Оразбаевты аталған мешіттің жамағатымен таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқыды.

Айта кетсек, Акбар Оразбаев «Шейх Зуннун» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған болатын. Ал «Молда Мұхаммеджан» мешітінің алдыңғы имамы Эрнст Өтепбергенов діни білімін жетілдіру үшін оқуға аттанды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: