Науқастың көңілін сұрау – мұсылмандық борыш

Науқастың көңілін сұрау – мұсылмандық борыш

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Әрбір мұсылман науқастанып қалған достары мен көршілерін бос уақыт тауып зиярат етіп тұруы – үлкен сауаптардан. Алланың берген сырқатына зиярат етушілер дұға етіп Жаратқаннан шипа тілейді. Мұндай әрекет мұсылмандар арасында байланысты күшейтіп, олардың жүректерінде бір-біріне деген сүйіспеншілігін артады.

 Осы мақсатта Жуалы ауданының орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің бас имамы Е.Нарымбетов, «Жуалы» мешітінің имамы С.Медетбеков ауданның орталық ауруханасына зиярат жасап, науқастардың қал-жағдайларын сұрап қайтты.

Сырқат қарт аналармен жүздесіп, имандасып Алладан дерттеріне шипа тілеп, дұға етті. Науқас жандардың көңілін аулап «Орамал тон болмайды жол болады» дегендей қарт аналарымызға имамдар өздерімен ала келген сый-сияпаттарын табыс етті.

Сонымен қатар Жуалы ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имамдары да бұл игі істен құр алақан қалып қоймады. Дін мамандары ауыл өңірінде тұратын ардагер аталарымызды, көп балалы батыр аналарымызды зиярат етіп, мешіт атынан сыйлықтарын табыстады.   

Жуалы ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: