Аналарға құрмет – баршаға міндет

Аналарға құрмет – баршаға міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында Меркі ауданының бас имамы Батырбек қажы аудандық ауруханада ем алып жатқан апа-әжелерді мерекелерімен құттықтап барып қайтты. Мерекелік дастарханға тәтті торт, үнді шайын және түрлі көкөніс ала келген дін маманы ақ жаулықтылардың көңіл-күйлерін аулап, сый-құрмет көрсетіп, ана турасында шариғи уағыз айтып, апаларды бір серпілтіп қуанышқа бөледі.

Мұндай тосын сыйды күтпеген әжелердің қуанышында шек жоқ. «Мен осы бөлмеде жатқандардың бәріне намаз жайлы және басқа да діни кітаптар тарту еткендеріңіз үшін риза болдым. Бұл біздер үшін үлкен сыйлық,» - деп батасын берді ем алушы әжей.

Бас имам өз ұжымын да ұмытқан жоқ. Мешіт асханасында жұмыс істейтін Кенжекүл Баубекова апайды мерекесімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы қария аналардың көңілін аулап үйлерінде болып, мерекелерімен құттықтап, сыйлық сыйлап, діни уағыздар айтты. «Байлықты да, кедейлікті де Алла Тағала пенделерін сынау үшін береді. Ең бастысы сабырлы болып, Аллаға деген сенім-иманымыз бекем, мықты болуы керек» – дейді Құран оқып, бата жасаған бас имам.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: