Тауардың ақысы – ақша емес, алғыс!

Тауардың ақысы – ақша емес, алғыс!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Б.Момышұлы ауылында Жамбыл көшесінің бойында «Нұр» және «Мыңбұлақ» сауда дүкені мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қасында салтанатты түрде «Қайырымдылық» дүкені ашылды.

Ол - жәй ғана дүкен емес. Онда азық-түлік немесе киім-кешек сатылмайды. Мұндағы тауарлар көпбалалы, жағдайы төмен, мұқтаж жандарға тегін таратылады.

«Көп түкірсе – көл» дейді дана халқымыз. Бұл дүкенді ашуға ұйытқы болған аудандық «Толымбай тегі Зиябек» атындағы мешіт пен «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық іскер әйелдер қауымдастығы. Аталған мекемелер бірге кеңесіп, ауданда мұқтаж отбасыларға осындай дүкеннің болуы абзал деп шешкен болатын.

Жуалы ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: