Сайттармен жұмыс жасау - кезектегі мәселе

Сайттармен жұмыс жасау - кезектегі мәселе

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Әлеуметтік желінің дәуірі туып, түрлі жат дүниелер тараған бүгінгі заманда халыққа дұрыс, рухани материалдарды жеткізудегі діни сайттардың орны ерекше. Осыған байланысты «Һибатулла Тарази» мешітінде дін мамандарының сайт жұмыстарына байланысты жиналысты өтті.

Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, Облыс әкімдігі дін істері басқармасының Ислам діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Еркебұлан Есмаханов, қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша баспасөз хатшысы, «hibatulla.kz» сайтының редакторы Ақерке Бекқұлова, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев, «Бегалы ата» мешітінің бас имамы Таңат Тілманбетов, «Молда Мұхаммеджан» мешітінің бас имамы Акбар Оразбаев қатысты.

Бас қосуда жат сайттарды тізімге алып, діни басқармаға жолдап отыру, пайдалы діни дұрыс мәліметтермен әлеуметтік желілерде бөлісу, Жамбыл облысының діни ресми сайтына қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғаған мақалаларды жариялап отыру, белсенді жастармен жұмыс жасау мәселелері көтерілді.  

Сонымен қатар, аталған жоспарды іске асыру жолдары талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер қаралды.

 «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: