«Һибатулла Тарази» мешітінде түрлі ағымдардың соңынан ерген, түзету мекемесінде қамауда отырған азаматтармен жұмыс жасау жөніндегі арнайы топтың мәжілісі өтті. Жиында «Тиек» Жастарды дамыту орталығы қоғамдық ұйымымен келісім шарт жасалды.
Аталған іс-шарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, жат ағыммен жұмыс жасаушы дін мамандары және жоғарыда көрсетілген ұйымның төрайымының орынбасары Мәди Сатвалдинов, Жамбыл облысы әкімдігі «Оңалту орталығының» басшысы Ғани Күзембаев, Облыс әкімдігі дін істері басқармасының Ислам діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Еркебұлан Есмаханов қатысты.
«Тапсырыс беруші» мен «Орындаушы» болған екі тарап шартпен танысып, жұмыс жоспарын бекітті. Қызмет барысында туындаған сұрақтарды талқылап, түйіткілдің түйінін тарқатты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі