«Кеңесхан қажы» мешітінде үстемедегі жылдың 6 наурызында алғаш рет айлық дастархан жайылып, жамағатқа уағыз-насихат айтылды.
Жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев сөз бастап, жамағатқа насихатын жеткізді. Қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл «Ислам дініндегі жомарттықтың алар орны» тақырыбында уағыз айтып, дүйсенбілік нәпіл ораза ұстағандарға оразаларының қабыл болуын Алладан тіледі.
Отырысқа қонақ болып келген «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы, мысырлық шейх Сулейман Сейит те аталмыш тақырып аясында сөз сөйлеп, уағызымен дүйім жұртты ұйытты.
Жиылған жамағат жасалған іс-шараға ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін, алғыстарын айтты. Жиын соңында өкіл имам Данияр Әлимұхамедұлы ұйымдастырушы мешіт қызметкерлері мен жамағатқа алғысын жеткізді. Мешітіміздің қариясы, тұрақты жамағаты Медетхан ақсақал дастарханға бата берді. «Алдағы уақытта да бұл іс-шара әр айдың алғашқы дүйсенбісінде өз жалғасын табар деген үміттеміз» - дейді ұйымдастырушылар.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі