«Һибатулла Тарази» мешітінде «Аналарға қамқор болайық» ұранымен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мұқтаж отбасының ошақ қасы болған ардақты аналарына көмек көрсетілді.
Қыздар, әйелдер секторының ұйымдастыруымен жүргізілген іс-шара 7 жанұяға жәрдем қолын созды.
Азық-түлікті аналарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Қыздар, әйелдер секторының өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова үлестірді.
Аталған қайырымдылық үшін аналар алғысын білдіріп, қуанышын жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі