Әкімшілік қызметкерлері мен дін мамандарының кеңесі өтті

Әкімшілік қызметкерлері мен дін мамандарының кеңесі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құлан ауылдық әкімшілігінде иманиотырыс жасалды. Кездесудің негізгі мақсаты имам-молдалармен жақсы қарым-қатынаста болу және күш біріктіріп шараға бірге ат салысу, мешіт қызметкелерінің пікір, ұсыныстарын тыңдау.

Жиналыста алғашқы сөз бастаған ауданың бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жақыпбекұлы Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Менің үмметім тек жақсылықта бас қосады» - деген хадисін айтып, біздің де бұл отырысымыз берекелі болсын дей келе аудандағы діни ахуалға тоқталды. Сонымен қатар, мешіттер тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды атап өтті.

Бас имам қазіргі уақытта барлық мешіттерде құжаттарды түгел рәсімдеу жүріп жатқанын тілге тиек етіп, бірнеше ұсыныстар айтты. Әкімшілік қызметкерлері де өз ойларын ортаға салып, мақсаттарымен бөлісті.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: