Шу шаһары уағыз-насихатқа қанықты

Шу шаһары уағыз-насихатқа қанықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты оқу орындарында және мекемелерде мешіт имамдарының қатысуымен және аудандық әкімшілік қарамағындағы ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы, білім бөлімі мамандарымен насихат жұмыстары жүргізілді.

Атап айтсақ, Шу ауданы «Төле би» ауылындағы М. Әуезов және М. Мақатаев атындағы орта мектептерінде, сонымен қатар Шу аудандық Салық комитеті қызметкерлермен және Шу ауданы Бәйдібек ауылында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында арнайы шақырытылған ауданның наиб имамы Талғат Кәрібайұлы қоғамдағы діни экстремизм мен жат ағымдардан сақтану жолдары турасында әсерлі уағыз айтты.

Кездесудің мақсаты – ұрпақты жаман әдеттерден аулақ етіп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге, ізгілікке, адамгершілікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Шара соңында қатысушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып, қанағаттарлық жауаптарын алды.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: