«Һибатулла Тарази» мешітінде әйелдер жамағатына арналған уағыз өтті. «Жастық шағыңды бағала, сен әлі үлпілдеген гүлсің» тақырыбында өрбіген насихатқа жиналған жұртшылықтың қарасы қалың болды.
Аталған уағызды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Қыздар, әйелдер секторының өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова жүргізді.
Қыз баланы тәрбиелеу, балиғат жасы, етекті қымтап ұстау, қазақ халқының қыз баласын тәрбиелеудегі ұстанымы, дұрыс тәрбие берудің жолдары, шариғатымыздағы үлгі-өнеге мәселелерінің барлығын қамтыған жиын әжелердің де, ардақты аналардың да, студент қыздардың да рухани тұлғасына үлкен азық болды.
Жамағат ұстазға сан сауалын қойып, дәйекті жауаптарын алды. Сондай-ақ, келесі өтетін уағызды асыға күтетіндерін жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі