Ауданның бас имам Абай елді мекеніңде болды

Ауданның бас имам Абай елді мекеніңде болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуырда Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев Абай ауылына арнайы барып, ауылдық мешітте мешіт жамағатымен кездесіп, уағыз жүргізіп, мешіттің тыныс тіршілігімен танысты.

Басимам Сұлтаншәріп қажы қоғамдағы өзекті жастар арасындағы ажырасу, некесіз дүниеге бала әкелу, азаматтық неке секілді түйткілді мәселелерге қатысты насихат айтып, мұндай індетпен баршамыз күресуіміз қажет деп түйіндеді.

Уағыз соңында бас имамға ақсақалдар тарапынан сұрақтар қойылды. Ауыл тұрғындары мешітке, имамдарға қолғабыс болу қажеттігін айтып, теріс ағым өкілдеріне бірлесіп күресу керектігін жеткізді.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: