Шу имамдарының кезекті жиналысы өтті

Шу имамдарының кезекті жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінде ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы ауданға қарасты ауыл молдаларымен кезекті жиналысын өткізді.

Жиын барысында аудан имамы Аят Дыбысұлы ауыл молдаларымен Тараз қаласында Облыс өкілдігінде өткізілген жиналыстағы тапсырмалар бойынша, сонымен қатар ҚМДБ-дан және өкілдіктен келіп түскен хаттарға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда: 2017 жылға арналған «Жылдық жоспарға» сай жұмыстар жүргізу; Атқарылып жатқан 4 бағыт жұмыстарының сапасын көтеру; Мешіт құжаттарын реттеу; «Иман» журналы «Ислам және өркениет» газетіне жазылушылардың санын арттыру; Имам-молдаларының Елбасы жолдауындағы діни мәселелерге қатысты айтылған тұстарын ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Неке қию мәселесі, некенің жауапкершілігі, арнайы неке бөлмелерін жасақтау; Еліміздегі діни оқу орындарына шәкірттерді дайындау, сол сияқты басқада өзекті мәселелер талқыланды.

Жиын соңында ауыл молдалары өз ойларымен бөлісіп, мәжілісте туындаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды .

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызмет

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: