Қыздар сауат ашу курсы аралық емтихан тапсырды

Қыздар сауат ашу курсы аралық емтихан тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Білім – инемен құдық қазғандай» дейді дана халқымыз. Ал оның ішінде діни білім яғни ақыреттік ілім, өмір сүру әдебі ең маңыздысы. Осы тұрғыда «Һибатулла Тарази» мешіті қыздар сауат ашу курсы 3 айлық оқудың қорытындысын жасады. Келесі сатыға өту үшін азанғы және түскі топ 1 саты бойынша 2 топ, 2 саты бойынша 2 топ фиқһ, ақида, сира, сахабалар тарихы, Құран Кәрім, Құран әліппесі пәндері бойынша емтихан тапсырды.

Емтиханды ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Қыздар, әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова мен «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Гүлжан Алдасаева қабылдады. Айта кетсек, аталған діни сауат ашу курсында орталық мешітте 120 шәкірт 3 айлық курсты аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, білім алушыларға оқу жылының соңында сертификат табысталады.

Жалпы дәрістер «Һибатулла Тарази», «Кеңесхан қажы», «Әулиеата» мешіттерінде жүргізіледі. «Білім алып, діни сауатымды арттырам деуші үлкен-кіші әйелдер жамағаты үшін үш мешіттің де есігі ашық,» - дейді Қыздар, әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: