Жуалы аудандық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ауыл молдаларының мәжілісі өтті.
Ауданға қарасты дін мамандарының басын қосқан жиында Елбасының халыққа 2017 жылғы Жолдауында көрсетілген дінге мәселелер бойынша жұмыс жасау бағыты талқыланды. Сонымен қатар, ҚМДБ-дан келген тапсырмалар таныстырылып, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде үстіміздегі жылдың 14 ақпанында өткен қала және аудан бас имамдарының кезекті жиналысында өкілдік тарапынан айтылған тапсырмаларды дер кезінде орындау жүктелді.
Ауданның бас имамы Н.Еркебұлан ауыл молдаларының жұмыс барысын қадағалап, бағыт-бағдар берді.
Жуалы ауданы