Келелі кездесу киелі тақырыпты қозғады

Келелі кездесу киелі тақырыпты қозғады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы Қордай ауылдық аумағында орналасқан мектеп ұжымдарымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – мектеп оқушыларын лаңкестік және экстремистік ұйымдардың ықпалынан сақтап қалу. Дінтану магистрі Д.Жандосұлы елімізде тиым салынған экстремистік ұйымдарға жеке-жеке тоқталып, әр топтың ерекшеліктерін сипаттап берді.

«Экстремистік ұйымдардан сақтану жолы жастарға дәстүрімізбен біте қайнасқан дініміз жайлы дұрыс ақпарат беру болып табылады» - деген дін маманы, жастардың және өздеріне «құрбан» іздеген экстремистік топтардың әлеуметтік желіде көп белсенділік танытанын ескертті.

Осы жайттарды ескере отырып, ел болашағы болып саналатын ұрпақтың діни иммунитін дұрыс қалыптастыруға шақырды. Жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, баршасына жауаптар қайтарылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: